Бүгін "Восток" клубының ғимаратында команда басшылары мен бапкерлері бас қосқан жиналыс өтті.
Жиын барысында "Восток" ұжымының бас бапкері Вахид Масудов жанұялық жағдайына байланысты командадан кететіні белгілі болды .
Ал бас бапкердің міндетін уақытша Павел Евтеев атқаратын болды . Клуб басшысы Асхат Ақылбеков осы айдың соңына дейін бас бапкердің есімі белгілі болатынын жеткізді .
«Восток» ұжымы Вахид Масудовты 2 жыл бойы атқарған адал еңбегі үшін алғыс айтып шығарып салды .
Өскемендік команда ел чемпионатындағы кезекті ойынын сырт алаңда 15-мамыр күні «Жетісумен» өткізеді.