Ресейлік “ВсеПроСпорт” сайты “Қайрат” пен “Селтик” арасындағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты матчқа болжам жасады.
“Қайрат” Чемпиондар лигасының іріктеуін шілде айының басында бастап, алғашқы қарсыласы Словениялық “Олимпия” болды. Қарсыласы фаворит саналса да, Рафаэль Уразбахтиннің командасы екі ойында да жеңілмей, келесі кезеңге өтті. Кейін Финнің “КуПС” клубымен болған кездесуде сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылып қалғанымен, Алматыда қарымта қайтара білді, бір гол артық соғып, келесі раундқа шықты. Ал “Слованмен” өткен дуэльде екі команда да өз алаңында жеңіске жетті, нәтижесінде “Қайрат” пенальти сериясында жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.
“Селтик” жаңа маусымды Шотландия Премьер лигасында абсолютті фаворит мәртебесінде бастады және әзірге бұл сенімді толық ақтап жатыр. Брендан Роджерстің командасы алғашқы үш турда қатарынан жеңіске жетті. Алғашқы матчта “Қайратпен” тең түссе де, “Селтик” әлі де жұптағы басты фаворит болып қала береді.
“Қайрат” Шотландияда төтеп берді, бірақ өз алаңында тым қорғаныста отырмайды, алға қарқынды ойнайды. Соңғы 18 үй матчында “Сары-Қаралар” үнемі гол соғып келген, сондықтан бүгін де мүмкіндіктерін пайдаланады. Дегенмен, халықаралық аренада мол тәжірибесі бар “Селтик” барлығын негізгі уақытта шешуге ұмтылады. Мұндай ойында қос тараптың да гол соғуы сөзсіз.“ деп жазады сайт.