Ағылшын Премьер лигасындағы "Вулверхэмптон Уондерерс" клубы бұрынғы шабуылшысы Диогу Жотаға ерекше құрмет көрсетіп, оны клубтың Даңқ залына қосты. Бұл зал 2008 жылы құрылған және онда "Қасқырлардың" тарихында ерекше орын алған футболшылар ғана енгізіледі.
Клуб өкілдерінің мәлімдеуінше, Премьер лиганың 1-турында, яғни "Манчестер Ситиге" қарсы ойын алдында, Жотаға арналған арнайы еске алу шарасы ұйымдастырылады. Бұл іс-шарада жанкүйерлер мен клуб қызметкерлері Диогудың команда сапындағы ең жарқын сәттерін еске алып, қошемет көрсетпек.
Португалиялық шабуылшы "Вулверхэмптон” сапында 2017–2020 жылдар аралығында ойнаған.
– 131 матч
– 44 гол
– 19 нәтижелі пас