Жазғы трансферлік терезеде мадридтік “Атлетиконың” қақпашысы Ян Облак “Пари Сен-Жерменге” ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.
2014 жылдан бері “Атлетико” намысын қорғап жүрген қақпашы жаңа белестерді бағындырып, көптеп трофей ұту үшін клубтан кетуге әзір деген ақпарттар да желіде желіп жүр.
27 жасар голкипер мен клуб арасындағы келісімшарт 2023 жылға дейін жарамды. Немістің Transfermarkt порталы қақпа күзетшісінің құнын 90 миллион еуроға бағалап отыр.
“Атлетико” Ла Лиганың ағымдағы маусымында 12 ойын өткізіп, 29 ұпаймен көш басында келеді.
Біздің серіктес: FONBET