Ян Вороговский: Басты мақсат үш ұпай

13.10.2018, 02:11
Ян Вороговский: Басты мақсат үш ұпай
Латвия – Қазақстан ойыны алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский тілшілер сауалына жауап берді. - Барлығы керемет қалыпта. Тек бізге топтағы нәтиже ғана ұнамайды. Біздің басты мақсатымыз топтан шығу. Сондықтан да біз ертеңгі ойында бар күшімізді салып, ел үшін намысқа тырысатын боламыз. - Латвия құрамасы жайлы не айта аласыз? - Мұндай жарыста осал қарсылас жоқ. Жанкүйерлер үшін жақсы ойын болады деп есептейміз. Басты мақсат осы матчтан үш ұпай еншілеу. - «Қайрат» командасында жүріп биыл сәтсіз өнер көрсеттіңіздер? Осының барлығы ұлттық құрамадағы ойыныңызға әсер етпейді.   - «Қайраттағы» сәтсіздіктерді ұмытып, енді Ұлттық құрамамен бірге ойнап жатырмыз. Сондықтан да, бұл басқа команда, мұнда басқа мақсаттар. Біз сол мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тер төгеміз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×