Ян Вороговский бельгиялық клубтағы дебюттік голын соқты

14.02.2022, 18:12
Оның голы командаға жеңіс сыйлады.
Ян Вороговский бельгиялық клубтағы дебюттік голын соқты

«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының 20-шы туры аясында «Дейнзе» командасын 1:0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский «Моленбектің» негізгі құрамында шығып, толық ойын өткізді. Ол кездесудің 25-минутында гол соқты. Бұл Янның бельгиялық клубтағы дебюттік голы болды.


Еске салайық, Вороговский бельгиялық клубқа өткен айдың соңында қосылған болатын. Содан бері үш матчқа қатысып үлгерді.

20 турдан кейін 35 ұпай жинаған «Моленбек» Бірінші лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×