Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Словакиямен болған ойынды (2:1) қорытындылады.
- Соққан голыңыз туралы айтып өтсеңіз.
- Мен ойында не болғанын ұмытып кеткендей сезімде тұрмын. Жай ғана доп аяққа сәтті қонды.
- Ойын туралы айтып беріңізші.
- Бұл кезең қиын болды, аз уақыттың ішінде 4 матч өткізіп, жанкүйерлердің арқасында ғана нәтиже көрсете алдық. Біз үшін ең бастысы қарсыласты тұсап үстау болды. Ал олардың эмоцияларын көрдіңіздер, гол салғысы келді және қызыл қағаз алды – бұл бізге өз пайдасын тигізді.
- Команданың алға қойған мақсаттары қандай?
- Бізге жеңіс және бірінші орын керек.
Біздің серіктес: FONBET