Ян Вороговский «Қайраттан» кетуге жақын

26.12.2021, 20:35
Оның клубпен келісім-шарты аяқталды.
Ян Вороговский «Қайраттан» кетуге жақын

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский «Қайраттан» кетуге жақын, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұған дейін Камо Оганесян, Небойша Косович, Стас Покатилов және бірнеше ойыншылардың командадан кеткені хабарланған болатын.

Вороговский «Қайратқа» өткен жылы бельгиялық «Беерсхот» клубынан ауысқан еді.

25 жастағы футболшыда мансабын шетелде жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар. Ян өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде бас-аяғы 21 матч өткізіп, 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×