Юбер Фурнье: «Ибрагимович қазыларды өзге тілде боқтайды»

08.02.2015, 01:45
Юбер Фурнье: «Ибрагимович қазыларды өзге тілде боқтайды»
«Лионның» бас бапкері Юбер Фурньенің айтуынша, «ПСЖ-ның» көшбасшысы швед Златан Ибрагимович төрешілерді шет тілінде балағаттап, боқтайды екен. «Златан Ибрагимович Франция чемпионатындағы барлық төрешіге боқтау сөздер айтып шықты. Соған қарағанда, біздің қазылар шет тілдерін білмейтін секілді, сондықтан оны түсінбейді. Менің ойымша, Златан ағылшын және итальян тілдерінде балағаттайтын секілді», - дейді Фурнье. Айта кетейік, Златан Ибрагимович швед, босниялық, ағылшын, испан және итальян тілдерін жетік меңгерген.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×