Юлиан Нагельсманн «Манчестер Ситиді» жаттықтыруы мүмкін

26.10.2020, 15:23
Гвардиола осы маусымнан кейін орнын босатуы мүмкін.
Юлиан Нагельсманн «Манчестер Ситиді» жаттықтыруы мүмкін

"РБ Лейпциг" командасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн "Манчестер Ситидің" жаттықтырушысы Хосеп Гвардиоланың орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің айтуынша, егер Гвардиола "Манчестер Ситимен" келісімшартты ұзартудан бас тартса, онда клуб басшылығы бұл позицияны Юлиан Нагельсманға ұсынбақ. Тағы бір үміткер - "Тоттенхэмнің" бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттино.

Нагельсманн "РБ Лейпцигті" 2019 жылдың жазынан бастап жаттықтырып келеді. Өткен маусымда оның басшылығымен команда Германия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орынға ие болып, ел кубогының 1/8 финалына шықты. "РБ Лейпциг" Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетіп, онда "Пари Сен-Жерменнен" жеңіліп қалды. Нагельсманның қазіргі келісімі 2023 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×