Юрген Клопп Салахқа айтылған жанкүйерлер сынына жауап берді

06.02.2020, 18:41
Юрген Клопп Салахқа айтылған жанкүйерлер сынына жауап берді

«Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп шабуылшы Мұхаммед Салахқа қатысты айтылып жүрген сынға қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды  Daily Mail.

Соңғы кездері «Ливерпуль» жанкүйерлері 27 жастағы ойыншыны «ойын тізгінін жиі өз қолына алғысы келеді және шабуыл барысында әріптестеріне пас бермейді» деп айыптаған еді.

«Мұхаммед ешқашан өзімшіл болған емес. Ол ұтымды позицияда болған кезде соққы жасау керегін біледі. Өз уақытында 4 бірдей ойыншыны қапы қалдырып, гол соққан кезін көрдік. Ал сен гол сала алмасаң жанкүйерлер «басқаша қимылдау керек еді, я болмаса неге пас бермеді» дей бастайды. Салах «Саутгемптонмен» болған ойында команда үшін ойнады. Тіпті, өзі доп соғатын кездерде пас та берді»,-дейді неміс маманы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×