Юрий Красножан: Қазақстанда құрама ойынына қызығушылық артып келеді

19.02.2015, 00:00
Юрий Красножан: Қазақстанда құрама ойынына қызығушылық артып келеді
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Молдова құрамасымен өтетін ойын алдындағы жаттығудан кейін қазақстандық журналистерге команданың қазіргі дайындығы жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды BNews.kz. ҚФФ ресми сайтының мәліметінше, құраманың бас бапкері Юрий Красножан командада жарақат салдарынан 4-5 адамның жетіспейтінін, дегенмен жұмыстың жоғары деңгейде өткенін айтты. «Жаттығу кезіндегі жоғары деңгейдің ойында да сақталғаны өте маңызды. Сонда ғана жақсы нәтиже шығады», - деді құрама бапкері. Еске сала кетсек, бүгін сағат 22-да Қазақстан мен Молдова құрамаларының арасында жолдастық матч өтеді.   BNews.kz сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×