Юрий Красножан Ресей әйелдер құрамасының бапкері болып тағайындалды

31.12.2020, 06:51
Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған еді.
Юрий Красножан Ресей әйелдер құрамасының бапкері болып тағайындалды

57 жасар маман Юрий Красножан Ресей әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Красножанмен келісімшарт 2022 жылдың соңына дейін жарамды. Красножан “Локомотив”, “Анжи”, “Кубань” және “Терек” сынды клубтармен қатар Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған.

2014-2015 жылдар аралығында ұлттық құрамамыздың тізгінінде 17 ойын өткізіп, үш ойында жеңіске жетіп, сегіз ойында жеңілістің ащы дәмін татқан. Ал алты ойын тең нәтижемен аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×