Юрий Логвиненко: «Бұл жеңіліске команда кінәлі»

31.10.2021, 14:59
Ақтөбеліктер маусымды алтыншы орынмен әрі нашар ойынмен аяқтады.
Юрий Логвиненко: «Бұл жеңіліске команда кінәлі»

«Ақтөбе» капитаны Юрий Логвиненко Премьер-лиганың 26-шы турында «Каспийге» (1:5) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

- Ең алдымен жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Мен мұндай нәтижені қорқынышты түсімде де көрген емеспін. Сондықтан қандай жағдай болмасын, матчтың соңына дейін бізді қолдағандарыңыз үшін көп рахмет! Біз қатты тырыстық, маусымды жақсы көңіл-күймен аяқтау үшін алғашқы минуттардан әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қажетті нәтижеге қол жеткізгіміз келді.

Маусымның соңғы ойыны өз алаңымызда өтті. Бірақ жағдай осылай болды, матчтың нәтижесі біз ойлағандай болмады. Мен ештеңе айта алмаймын, бірақ тағы да кешірім сұрап, барлық жауапкершілікті өз мойныма алғым келеді. Біз кінәлі адамды іздемейміз. Біз бір командамыз, сондықтан бәрі кінәлі. Біз мұндай матчтардың қайталанбауы үшін тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×