Юрий Перцух «Ақтөбеден» кетуге жақын

04.11.2021, 15:23
Мұханов бұл футболшыны керек қылмады.
Юрий Перцух «Ақтөбеден» кетуге жақын

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцух клубтан кетуге жақын.

Ресейлік маман Владимир Мұханов келгеннен кейін 25 жастағы жартылай қорғаушы негізгі құрамдағы орнын жоғалтты. Соңғы екі айда ойыншы алаңда небәрі 12 минут өткізді. Футболшы тәжірибелі Юрий Логвиненкомен бәсекелесе алмады.

«Ақтөбенің» бапкерлер штабы келесі маусымға арналған жоспарына Перцухты қоспауда. Сондықтан ойыншының агенті басқа нұсқаларды іздей бастады. Атап айтқанда, «Атырау» мен «Ордабасы» қазақстандық футболшыға көз тігіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×