Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай Юрий Перцух "Шахтер" сапына келіп қосылыпты.
26-жастағы ойыншы соңғы рет "Астана" сапында доп тепкен болатын.
Перцух өткен маусымда елордалық клуб үшін жалпы алғанда 17 ойын өткізіп, 3 голдық пас берді.
Бұған дейін, футболшы "Ақжайық", "Атырау" және "Ақтөбе" қатарында өнер көрсетті.
Еске салайық, "Шахтер" ҚПЛ өткен маусымын жетінші орынмен аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET