Юссуфа Мукоко кезекті рекордты жаңартты

16.12.2020, 08:37
Дортмундтық вундеркинд рекорд жаңартудан жалығар емес.
Юссуфа Мукоко кезекті рекордты жаңартты

Дортмундтық “Боруссияның” шабуылшысы Юссуфа Мукоко Бундеслигада негізгі құрамда алаңға шыққан ең жас ойыншы атанды.

Мукоко 16 жас 25 күн дегенде Бундеслиганың 12-тур аясындағы “Вердерге” қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығып, 80 минут тер төгіп, 15 жыл бойы қаймағы бұзылмаған Нури Шахиннің рекордын жаңартты. Шахин 2005 жылы 16 жасынан 335 күн асқанда “Вольфсбургке” қарсы ойында алғашқы минуттан алаңға шығып рекорд қойған.

Сонымен қатар Мукоко 8 желтоқсан күні Чемпиондар лигасындағы “Зенитпен” болған матчтың 58 минутында ойынға қосылып, Чемпиондар лигасының да ең жас ойыншысы атанған еді.

”Боруссияның” түрлі жас шамасындағы құрамдарында 88 ойында 141 гол соққан Мукоко негізгі команда сапында бес ойынға қатысып, 192 минут өнер көрсетіп, нәтижелілігімен көзге түсе алмады.

Бремендік “Вердерді” сырт алаңда 1:2 есебімен жеңген “Боруссия” 12 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, төртінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×