«Ювентус» аргентиналық жартылай қорғаушыға көз тікті

24.07.2022, 19:02
ПСЖ бұл футболшыны керек қылмай отыр.
«Ювентус» аргентиналық жартылай қорғаушыға көз тікті

«Ювентус» клубы «Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Леандро Паредеске қызығушылық танытуда. Бірақ аргентиналық футболшыны алмас бұрын туриндік команда Аарон Рэмси және Артурмен қоштасқысы келеді, деп хабарлайды Tuttosport порталы.

28 жастағы Паредес - «Бока Хуниорс» клубының түлегі. Леандро «Эмполи» мен «Рома» командаларында доп тепті, ал 2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың қаңтарына дейін «Зенит» сапында ойнап, Ресей чемпионы атанды.

Өткен маусымда Паредес ПСЖ үшін 22 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Тараптар арасындағы келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталады. Паредес Аргентина құрамасында 44 матч өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×