"Ювентус" Бернардескимен Ракитичті айырбастағысы келеді

18.01.2020, 22:30
"Ювентус" Бернардескимен Ракитичті айырбастағысы келеді

"Ювентус" басшылығы "Барселонаға" екі жақты ойыншы айырбастау бойынша ұсыныс жіберді деп хабарлайды La Repubblica.

Ақпарат көзінің мәліметінше, "қарт синьора" жартылай қорғаушы Федерико Бернардескидің орнына Иван Ракитичті алуға мүдделі. "Ювентус" бас бапкері Маурицио Сарри аталған трансферге келісімін берген көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда "Ювентус" - "Барселонаға" дәл осы ұсынысты айтқан болатын. Бірақ "блауграна" бас тарқан еді.

Жалпы Ракитич "Барселонаға" 2014 жылы "Севильядан" ауысқан еді. Каталон ұжымы жейдесінде 287 матчта 34 гол салған. Бернардески болса "Ювентус" сапында 2017 жылдан бері ойнап, 89 ойында 9 доп соққан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×