«Ювентус» бес бапкермен келіссөз жүргізді

05.08.2020, 17:18
Барлығы Чемпиондар лигасына байланысты.
«Ювентус» бес бапкермен келіссөз жүргізді

«Ювентус» Чемпиондар лигасында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда клубтың бас жаттықтырушысы Маурицио Сарриді қызметінен босатуы мүмкін, деп хабарлайды журналист Танкреди Палмери.

Дереккөздің хабарлауынша, Италия клубы бірнеше бапкерлермен байланысып, олардың командаға келу ықтималдығын талқылады. "Ювентустың" басты мақсаты «Реалдың» жаттықтырушысы Зинедин Зидан болды, бірақ француз жаттықтырушысы «Реалды» тастап кетуден бас тартты.

Клуб сонымен қатар Маурисио Почеттино, Симоне Индзагги, Лучано Спаллетти және Джан Пьеро Гасперинимен де сөйлесіп көрді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық пандемияға байланысты Италия чемпионатының 2019/2020 маусымы үш айға үзіліп, 1 тамызда аяқталды. «Ювентус» ел чемпионы атанды. 7 тамызда Ииалия клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Лионмен» жауапты матчын өткізеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында Франция клубы Сарри шәкірттерін 1:0 есебімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×