«Ювентус» «Челсимен» болатын матч алдында маңызды ойыншыларынан айырылды

27.09.2021, 03:27
Бүгінгі ойында екі шабуылшы да жарақат алды.
«Ювентус» «Челсимен» болатын матч алдында маңызды ойыншыларынан айырылды

"Ювентустың" бас бапкері Массимилиано Аллегри Чемпиондар лигасының топтық кезеңнің екінші турында "Челсимен" болатын матчқа Пауло Дибала мен Альваро Моратаның қатыса алмайтынын мәлімдеді.

"Челсимен" Дибала және Моратасыз қалай ойнай алатынымызды көрейік. Бірақ "Челсиге" қарсы матч шешуші болмайды. Плей-офф жолындағы шешуші матчтар "Зенитпен" болады, - деп келтіреді Goal басылымы Аллегридің сөздерін.

Бүгін туриндік клуб "Сампдорияны" 3:2 есебімен жеңді. 10-минутта есеп ашқан Пауло Дибала жарақат алып, 21-минутта алаңнан кетті. Ал Мората 82-минутта өз орнын Мойзе Кинге босатып берді.

Айта кетейік, "Ювентус" пен "Челси" арасындағы матч 29 қыркүйекте Туриндегі "Альянц" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×