«Ювентус» Джорджо Кьеллинидің орнын басатын ойыншы тапты

20.04.2022, 19:44
Туриндік клуб француз футболшысына көз тікті.
«Ювентус» Джорджо Кьеллинидің орнын басатын ойыншы тапты

Туриндік «Ювентус» «Монако» қорғаушысы Бенуа Бадьяшильді қатарға қосқысы келеді.

Corriere dello Sport басылымының хабарлауынша, 21 жастағы француз футболшысына «Ньюкасл Юнайтед», «РБ Лейпциг» және басқа да клубтар қызығушылық танытып отыр. Ал туриндік клуб Бадьяшильді 37 жастағы Джорджо Кьеллиниді алмастыратын ойыншы ретінде қарастыруда.

Бадьяшиль 2016 жылы «Монако» футбол академиясына қосылды. 2018 жылдың ақпан айында француз клубымен алғашқы кәсіби келісім-шартына қол қойды. Ол 2018 жылдың 11 қарашасында «Пари Сен-Жермен» командасына қарсы ойында дебют жасады. 2019 жылдың 16 қаңтарында ол «Ницца» қақпасына «Монако» сапындағы алғашқы ресми голын соқты.

Бенуа Бадьяшильдің «Монакомен» келісім-шарты 2024 жылға дейін есептелген, оның трансфер құны 28 миллион еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×