«Ювентус» Италия чемпионы!

27.07.2020, 08:31
Италия чемпионаты аяқталуға 2 тур қалғанда Криштиану Роналду «Ювентусты» чемпион қылды.
«Ювентус» Италия чемпионы!

"Ювентус" негізі өткен турда-ақ чемпион болып қоюы тиіс еді, алайда сырт алаңда "Удинезеге" шамасы жетпеді. Ал бұл жолы өз алаңында "Сампдорияны" қабылдаған "Ювентус" 2-0 есебімен жеңіске жетті. Алдымен Криштиану Роналду Миралем Пияничтің ғаламат пасынан есеп ашты. Кейін, екінші таймда Роналду алыстан соққы жасады. Қақпашы ол допты тоса алмай, алдына қайтарып еді, Бернардески жетіп келіп, есепті еселеп жіберді. Ал матчтың 90 минутында төреші пенальти белгілеп еді, оны Роналду голға айналдыра алмады. Португал ойыншысы допты қақпа маңдайшасына тигізді.

Айта кетуіміз керек, есеп 2-0 болғаннан кейін "Сампдория" ойыншысы алаңнан қуылды. Ал бірінші таймда Пауло Дибала жарақат алып, алаңдағы орнын Гонсало Игуаинге босатты. Осы ойында 1 гол салған Роналдудың голдар саны 31ге жетті. Ал осы матч алдында "Лацио" шабуылшысы Чиро Иммобиле хет-трик жасап, голдарының санын 34-ке көбейтіп тастады. Айтпақшы, Италия чемпионаттарының тарихында бір маусымда 34 гол соққан шабуылшы болмапты. Бұл - жаңа рекорд!

Ал енді қалған 2 ойында Роналду 3 гол салып, Чироны қуып жете ме? Өте қиын. Оның үстіне Чиро Иммобилеге енді бір гол салу керек болып тұр. Себебі, ол қазір 34 гол салған Роберт Левандовскиймен теңесіп тұр. Польяк шабуылшысынан асса Чиро "Алтын бутсы" марапатын жеңеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×