«Ювентус» қысқы трансферлік терезеде шабуылшы сатып алғысы келеді

30.12.2020, 16:21
Клуб Альваро Моратаға бәсекелес тауып бергісі келеді.
«Ювентус» қысқы трансферлік терезеде шабуылшы сатып алғысы келеді

"Ювентус" қысқы трансферлік терезеде алуы мүмкін үш шабуылшының тізімін жасады, деп хабарлайды Tuttosport. Дереккөзге сәйкес, туриндік клуб Диего Коста, Мемфис Депай және Дивок Ориги арасында таңдау жасайды.

Коста күні кеше "Атлетикомен" келісімшартты бұзып, еркін агент атанған болатын. Депай "Лионда" ойнайды, бірақ оның келісімшарты жазда аяқталады. Футболшының өзі бағын басқа клубта сынап көргісі келетінін айтты. Оригидің "Ливерпульде" қосалқы құрам ойыншысы болғанына көңілі толмайды.

"Ювентуске" келетін болсақ, клуб шабуылшы Альваро Моратаны алмастыратын ойыншы тапқысы келеді. Бұған дейін туриндік клубтың "Наполимен" келіссөз жүргізіп жатқандығы, поляк шабуылшысы Аркадиуш Миликке қызығушылық танытып жатқаны хабарланған болатын, бірақ бұл трансфердің орын алуы екіталай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×