«Ювентус» швейцариялық футболшыны сатып алды

01.02.2022, 15:54
Трансфер құны небәрі 5 миллион еуроны құрады.
«Ювентус» швейцариялық футболшыны сатып алды

«Боруссия Мёнхенгладбахтың» жартылай қорғаушысы Денис Закария мансабын «Ювентуста» жалғастырады.

Кеше Закария Туринде медициналық тексерістен өтіп, «Ювентуспен» келісім-шартқа отырды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Ювентус» 25 жастағы швейцариялық футболшының трансфері үшін 5 миллион еуро және бонус ретінде 2 миллион еуро төледі. Закарияның «Боруссиямен» келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталуы тиіс еді. Сондықтан арзан бағаға сатылды.

Закария «Боруссияға» 2017 жылдың жазында швейцариялық «Янг Бойздан» 12 миллион еуроға ауысты. Осы маусымда футболшы Бундеслиганың 16 матчында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Ал «Ювентус» уэльстік жартылай қорғаушы Аарон Рэмзиді шотландиялық «Рейнджерс» клубына жалға берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×