«Ювентус» украиналық босқындарға көмек көрсетуде

14.03.2022, 01:01
Клуб өкілдері 80-ге жуық адамды қонақүйге орналастырыпты.
«Ювентус» украиналық босқындарға көмек көрсетуде

Туриндік «Ювентус» Украинадан келген босқындарға көмек көрсетіп жатқандығын мәлімдеді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Украинаға жіберілген автобустар Италияға 80 босқынмен оралды, олардың көпшілігі балалар, кейбірі сол елдегі футбол мектептерінің өкілдері.

«20-ға жуық адамнан тұратын «Ювентус» делегациясы клуб қызметкерлерінің арқасында жиналған қажетті заттарды, киім-кешек пен дәрі-дәрмекті үлестіріп берді. Украиналық босқындарды жылы қабылдап, жергілікті қонақүйге орналастырды.

Украинадан Италияға дейінгі ұзақ жол саяхатшы болуға мәжбүр болған адамдар үшін сәтті аяқталды. Енді олар көрген қасіретін артқа қалдырып, болашаққа қарауы тиіс», - делінген «Ювентустың» хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×