"Ювентус" Италия біріншілігінің 26-туры аясында "Интермен" болатын матчқа сатылған билеттердің ақшасын қайтармайтын болды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.
Естеріңізге сала кетейік, Италияда коронавирус індетіне байланысты А сериясының тағы бес ойыны жанкүйерсіз бос стадионда өтеді.
Басылым таратқан ақпаратқа сенсек, "ескі сеньора" аталған ойын билетінен 3 миллиона еуро тапқан. Енді Италия футбол федерациясының кесірінен қомақты қаржыдан айырылып қалғысы келмейді. Бір жағынан бұл клуб ережесіне қайшы емес.
Ал "Интер" өз кезегінде жанкүйерлерге билеттің ақшасын қайтаруды бастап кетіпті.
Айта кетейік, "Ювентус" 25 ойыннан кейін 60 ұпаймен көш басында тұрса, еншісінде 54 ұпайы бар "Интер" 3-сатыда.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET