Зайнутдинов алаңға қашан оралады?

14.11.2020, 00:36
Келесі аптадағы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Зайнутдинов алаңға қашан оралады?

ЦСКА ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың агенті Евгений Новиков ойыншының қалпына келу уақыты туралы айтты.

"Бахтиердің денсаулығы онсыз да жақсы. Ол қалыпқа келіп қалды, гематома біртіндеп жоғалып барады. Оған физикалық жаттығу жасауға тыйым салынды. Сараптама келесі аптаға жоспарланған, оның қорытындысы бойынша одан әрі қалпына келтіру барысы белгілі болады", - деп келтіреді Sport24 Новиковтың сөзін.

Еске сала кетейік, қазақстандық жартылай қорғаушы 8 қарашада Ресей Премьер-лигасындағы "Ростовқа" қарсы матчта (2:0) басынан жарақат алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×