Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешикташы» нидерландылық Джованни ван Бронкхорстпен қош айтысты.
Стамбулдық ұжым ван Бронкхорсттың бас бапкерлігімен 20 кездесу өткізіп, оның онында жеңіске жетті. Төрт матчта тең тарқасып, алтауында ұтылған.
«Біз бапкеріміз Джованни ван Бронкхорстпен қоштастық. Джованни мен оның командасына істеген жұмысы үшін алғысымызды айтамыз және алдағы мансаптарына табыс тілейміз», - делінген стамбулдық ұжымның ресми хабарламасында.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдиновтың биылғы маусымдағы өнері көңіл көншітпейді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы қосалқы құрамда отыр. Джованни ван Бронкхорсттың бас бапкерлігімен тек екі кездесуге қатысып, небары 4-ақ минут доп тепкен еді.
Біздің серіктес: FONBET