Зайнутдинов Беларусь құрамасына қарсы кездесуге қатыса ала ма?

06.09.2020, 23:28
Ойыншының қандай жарақат алғаны белгісіз болып тұр.
Зайнутдинов Беларусь құрамасына қарсы кездесуге қатыса ала ма?

Мәскеулік ЦСКА командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бахтиер Зайнутдиновтің Ұлттар лигасында Беларусь құрамасына қарсы кездесуде алаңға шығу, шықпауы белгісіз болып тұр.

Шабуылшы Ұлттар лигасы турнирінің бірінші турында Литва құрамасына қарсы кездесуде жарақат алып қалып, бірінші таймда алаңнан кеткен еді. 

Енді шабуылшының алдағы кездесуіне қатысты соңғы шешімді бапкерлер мен медицина қызметкерлері шешетін болады. 

Айта кетейік, Зайнутдинов Литва құрамасына қарсы өткен кездесудің 3-минутында есепті ашқан еді. Ол жалпы құрама сапында 14 кездесуге қатысып, жеті гол соққан. 

Алдағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу 7 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×