Зайнутдинов: Келесі жылы Еуропаға кетемін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
06.09.2024, 10:56

Түркиялық менеджер Жейлан Шалышқан Бахтиер Зайнутдиновтің ресейлік клубтарға жүзеге аспай қалған трансфері туралы айтты.

Зайнутдинов: Келесі жылы Еуропаға кетемін
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

«Бахтиер Зайнутдиновке байланысты ұсынысты Ресейден алып келген мен едім. Өзімнің футболшыма Ресейден 7 миллион еуро көлеміндегі ұсынысты әкелдім, бірақ ол: «Мен онсыз да Ресейден келдім. Келесі жылы Еуропаға кеткім келеді, сондықтан бұл ұсынысты қабылдай алмаймын», - деген болатын. Мен әрине, бұл трансфердің жүзеге асуын қаладым, себебі, ол  «Бешикташқа» да, футболшының өзіне де пайдалы болар еді. Бахтиер Ресейге кетсе деп едім», - деген болатын Ж.Шалышқан.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» былтыр тамызда «ЦСКАДАН» ауысып барған болатын. Түркиялық топ-клуб қазақстандық футболшы үшін 4,5 миллион еуро төледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×