Қазақстан құрамасы мен Мәскеудің "Динамо" клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов астаналық командадағы бейімделу барысы жайлы айтып берді.
"Динамо” 27 жастағы футболшымен келісімшартқа 28 шілдеде қол қойған болатын.
"Жігіттер мені жақсы қабылдады, бұл ең бастысы. Бір аптадан кейін-ақ командаға бейімделіп кеттім деп ойлаймын. Маған "Динамоға" ауысқанға дейін таныс болған жігіттер көмектесті, Даня Глебов, Максим Осипенко және Дима Скопинцев. Олармен біз "Ростовта” бірге ойнағанбыз.” – деді Зайнутдинов клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.