Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешикташы» Еуропа Лигасының плей-офында сербияның «Партизаны» мен Швейцария өкілі «Лугано» арасындағы жеңімпазбен жолығады. Бұл кезеңнің бірінші бәсекелері 22-тамызда, ал жауапты мачтары 29-тамызға жоспарланған.
Ал Артур Шушеначевтің «Хапоэль» Беэр-Шевасы Конференция Лигасының плей-офына шыққан жағдайда «Пакш» (Венгрия) – «Морнар» (Черногория) жұбының мықтысымен шеберлік байқаспақ. Сондай-ақ, Данияда доп теуіп жүрген Рамазан Оразовтың да Конференция Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін мүмкіндігі бар. Ол үшін «Силькеборг» үшінші кезеңде бельгия үміті «Генттен» айласын асырып, төртіші раундқа шығуы тиіс. Онда даниялық команда мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын «Партизан» (Сербия) – «Лугано» (Швейцария) жұбының жеңімпазы күтеді.
Айта кетейік, Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» мен «Астана» өнер көрсетеді. ҚПЛ чемпиондары «Пюникке» (Армения) қарсылас атанса, астаналықтар румыниялық «Корвинулмен» ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET