Зайнутдинов «Ростовтан» кетті

25.08.2020, 04:14
Медициналық тексерістен өту үшін Мәскеуге кеткен екен.
Зайнутдинов «Ростовтан» кетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов "Ростовтан" кетті, деп хабарлайды РБ-Спорт.

Инсайдер Сергей Егоровтың айтуынша, 22 жастағы Зайнутдиновты ЦСКА-ға ауыстыру мәселесі шешілді. Футболшы медициналық тексерістен өту үшін Мәскеуге ұшып кетті.

Клубтар арасында ешқандай келіссөздер болған жоқ - Зайнутдинов пен "Ростов" арасындағы келісімшартта ЦСКА төлейтін өтемақы мөлшері көрсетілген. Медициналық тексеруден сәтті өткен жағдайда, ауысым ресми түрде аяқталады.

Зайнутдинов "Ростовта" 2019 жылдың қаңтарынан бастап ойнайды. Ол осы маусымда Ресей премьер-лигасындағы төрт матчқа қатысты, өткен маусымда 17 ойынға қатысқан.

Бұған дейін Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысу мүмкіндігі туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын. Сондай-ақ, мәскеулік клубтың президенті Евгений Гинердің футболшыны алу үшін Қазақстандағы байланыстарын қосқандығы туралы хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×