Зайнутдинов РПЛ тарихындағы ең нәтижелі қазақстандықтардың үздік бестігіне кірді

25.07.2020, 16:36
Бахтиёр осы маусымда «Ростовтың» үздік ойыншыларының бірі болды
Зайнутдинов РПЛ тарихындағы ең нәтижелі қазақстандықтардың үздік бестігіне кірді

«Ростов» пен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов осы маусымда өз клубының үздік ойыншыларының бірі атанды. Сонымен қатар Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасындағы ең нәтижелі қазақстандықтардың үздік бестігіне енді.

Осы маусымда Зайнутдинов "Ростовпен" РПЛ-дегі 17 ойында төрт гол соқты. Екі рет ол мәскеулік «Спартак» қақпасының кілтін тапты. Кездесу 4:1 есебімен "Ростовтың" пайдасына аяқталды. Сондай-ақ, қазақстандық ойыншы тағы бір мәскеулік клубты - «Динамоны» (3:0) жеңуге өз үлесін қосып, бір гол соқты және «Зенитке» қарсы өткен ойында да (1:2) гол соғып, есеп ашты.

Енді Бахтиер Ресей чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсеткен біздің еліміздің өкілдері арасында «Зенитте» төрт гол соққан Евгений Тарасовпен бесінші орынды бөлісіп тұр.

Бұл тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Максим Низовцев көш бастап тұр. Ресей премьер-лигасында ол "Балтика" мен "Сокол" клубтары үшін 21 гол соқты.

Екінші орында Руслан Балтиев. Ресейдің «Сокол», Мәскеудің «Динамо», және «Шинник» командаларында ойнаған алматылық футболшы 11 гол соққан екен.

90-жылдардың басында "Текстильщик" сапында ойнаған Сергей Волгин он гол соғып, үшінші орынға тұрақтаған екен. Және 90-жылдардың орта шеніндегі «Текстильщиктің» тағы бір ойыншысы Виталий Абрамов тоғыз гол соғып, төртінші орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов, өткен маусымның нәтижелері бойынша, «Ростовтың» үздік алты ойыншысының қатарына кірді. 25 матчта 11 гол соққан «Ростов» сапындағы үздік шабуылшы Элдор Шомуродов болды (11 гол). Ал Алексей Ионов 19 ойында алты гол соқты. Роман Еременко және Ивелин Попов әрқайсысы бес голдан соғып шықты. Сондай-ақ, алғашқы алтылықта Хорен Байрамян бар, ол 26 ойында төрт рет гол соқты.

Осы маусымда «Ростов» 45 гол соғып, бесінші орынға ие болды және келесі маусымда Еуропа лигасында ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×