"Metaratings.ru" сайтына сенсек, Мәскеулік "Спартак" Қазақстан Ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты алуды жоспарлап отырған жоқ.
Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, Мәскеулік команда жасы 25-тен асқан футболшыларды мүлде қарастырмайды. Сондықтан, Бахтер Зайнутдинов "Спартактың" шорт-листында мүлде болмаған. Айта кетейік, таяуда "Бешикташ" қазақстандық футболшыны сатуды жоспарлап отыр деген ақпарат тараған болатын. Стамбұлдық команда Зайнтдиновты 4-5 млн еуроға бағалағаны да белгілі. Естеріңізге сала кетейік, келесі маусымнан бастап қазақстандық футболшылар Түрік Суперлигасында толыққанды легионер саналады. "Бешикташтың" жартылай қорғаушымен қош айтысуының басты себебі осы жағдаймен байланысты.
Біздің серіктес: FONBET