Зайнутдинов таңғажайып прогресс жасады

01.08.2020, 18:22
Зайнутдинов РПЛ - 2019/20 маусымындағы 10 үздік жас ойыншысының қатарына енді.
Зайнутдинов таңғажайып прогресс жасады

«Ростовтың» және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов 2019/20 маусымындағы Ресей чемпионатының үздік 10 жас футболшысының қатарына енді. Рейтингке 22 жасқа дейінгі ойыншылар кірді.

«Зайнутдиновтың РПЛ-дағы дебюттік маусымы және 2019/20 маусымы - екі түрлі ойын көрсетті. Қазақстаннан келгеннен кейін, "Ростовтағы" алғашқы маусымында Бахтиёр алаңға сирек шығып жүрді. Өткен маусымда Зайнутдинов тұрақты ойыншы бола алмады, бірақ ол "Ростов" клубы үшін өте маңызды ойыншы екенін дәлелдеді. Жартылай қорғаушы маусымның ең жақсы матчын екінші айналымда - «Спартакқа» қарсы кездесуде өткізді. Осы кездесуде ол дубль жасап, Карпиннің командасына қарсыласын жеңуге көмектесті. Сонымен қатар Зайнутдинов «Динамоға» қарсы және «Зенит» қарсы гол соқты, одан бөлек екі голдық пас берді, сонымен қатар алаңда 1041 минут өткізді. 2018/19 маусымда ол бар болғаны 395 минут ойнады және тиімді әрекеттерімен көзге түспеді», - деп жазады басылым.

Үздік ондыққа Денис Макаров ("Рубин"), Андрей Мостовой ("Зенит" / "Сочи"), Станислав Магкеев ("Локомотив"), Максим Глушенков ("Спартак" / "Крылья Советов"), Константин Марадишвили ("ЦСКА"), Остон Урунов ("Уфа"), Зурико Давиташвили ("Рубин"), Хвича Кварацхелия ("Рубин"), Вадим Карпов ("ЦСКА") кірді.

Ресей чемпионатының 2019/20 маусымының нәтижелері бойынша «Ростов» турнирдің бесінші сатысына тұрақтады және келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсететінін болады. Зайнутдинов РПЛ-да 17 ойын (төрт гол, екі пас), сонымен қатар Ресей кубогында екі ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×