Зайнутдинов тарихтағы ең қымбат қазақстандық футболшы атанды

30.12.2020, 14:54
Алдыңғы рекорд Бауыржан Исламханға тиесілі еді.
Зайнутдинов тарихтағы ең қымбат қазақстандық футболшы атанды

«TransferMarkt» порталы Ресей Премьер-лигасының командаларында ойнайтын ойыншылардың трансферлік бағасын жаңартты.

Бахтиер Зайнутдиновтың трансферлік құны бұған дейін 2 миллион еуроны құраған еді. Ал қазір құны 3,5 миллион еуроны құрап отыр.

Осылайша, Зайнутдинов ЦСКА-да осы көрсеткіш бойынша 14-ші орынға жайғасты, сонымен қатар ең қымбат қазақстандық футболшы болып қала береді.

2019 жылдың желтоқсанында Бауыржан Исламханның трансферлік құны 3 миллион еуроға дейін өсті, ал қазір 1,80 миллион еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×