Мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов командасының келесі матчына қатыспайды.
13 желтоқсанда Ресей чемпионатының 18-турында мәскеулік ЦСКА өз алаңында «Уралды» қабылдаған. Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, 13-минутта нәтижелі паспен көзге түсті. Ал ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Оның алдында қазақстандық футболшы сары қағаз алған болатын. Бұл оның маусымдағы төртінші сары қағазы. Енді Зайнутдинов 17 желтоқсанда өтетін «Ростов» - ЦСКА матчына қатыспайды.
Ал өз кезегінде, ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко Зайнутдиновтың келесі матчқа қатыспауы команда үшін үлкен шығын болады деп түсіндірді.
Біздің серіктес: FONBET