Мәскеудің "Динамо" клубы оқу-жаттығу жиыны аясында әр тайм 30 минуттан тұратын бақылау матчын өткізді.
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов та ойнады.
Футболшы соңғы айларда жарақатына байланысты ресми ойындарға қатыспаған еді. Сол себепті ол Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының іріктеуіндегі соңғы матчтарына шыға алмады.