Зайнутдинов жазда «Бешикташтан» кетеді

07.04.2025, 14:43

«Бешикташ» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер жазда команданы түбегейлі «тазаламақ».

Зайнутдинов жазда «Бешикташтан» кетеді
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Норвегиялық маман осы мақсатта қош айтысатын футболшылар тізімін де түзіп қойған деседі. Стамбулдан кететін ойыншылар тізімінде әзірше 10 футболшының есімі бар. Олардың арасында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов те бар көрінеді. Одан бөлек шабуылшы Чиро Иммобиле, Йонас Свенссон, Алекса Окслейда-Чемберлен, Амир Хаджиахметович, Салих Учан және тағы бірқатар футболшының есімі белгілі.

Бахтиер Зайнутдинов 2023-жылы стамбулдық клубтың жейдесін киген. «Бешикташ» 27-жастағы футболшының «ЦСКА-дан» 3,5 миллион еуроға сатып алған болатын. Содан бері қазақстандық ойыншы 49 кездесуге қатысып, 1 гол мен бір ассисттің авторы атанды. Алайда, биылғы маусымда Зайнутдинов негізгі құрам түгілі, қосалқы құрамға ілінбей жүр.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×