Зайнутдиновқа шынымен-ақ кету керек секілді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
27.09.2024, 10:59

Бахтиер Зайнутдинов намысын қорғайтын «Бешикташ» Еуропа Лигасындағы жорығын сәтсіз бастады.

Зайнутдиновқа шынымен-ақ кету керек секілді
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Кеше стамбұлдық клуб сырт алаңда «Аякспен» ойнап, жауапсыз 4 гол жіберді. Бұл бәсекеде қазақстандық футболсүйер қауым Бахтиер Зайнутдинов алаңға шығады деп күткен, себебі, жартылай қорғаушы «Бешикташтың» ойынға қатысатын футболшыларының тізімінде болған. Алайда, Джовани ван Бронкхорст қазақстандық футболшыға тағы да сенім артқан жоқ.«Бешикташтың» бас бапкері осылайша тағы бір мәрте жартылай қорғаушының қажетсіз екенін аңғартқандай.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов Түркия суперлигасының жаңа маусымында әлі өнер көрсеткен жоқ. Үш ойында стамбұлдық клубтың негізгі тізіміне ілінгенімен жасыл алаңнан әлі де бой көрсете қоймады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×