Зайнутдиновке РПЛ қос ұжымы көз тікті

02.04.2024, 21:56

Мәскеулік “Спартак” пен “Краснодар” командалары Бақтиер Зайнутдиновты өз қатарына қосқысы келеді.

Зайнутдиновке РПЛ қос ұжымы көз тікті

ЦСКА ұжымынан “Бешикташ” клубына 4,5 млн еуроға ауысып келген отандасымызға “Спартак” пен “Краснодар” ұсыныс жасаған екен. Футболшының таңдауы кімге түсетіні алдағы уақытта белгілі болады.

Skorer басылымы футболшымыз жайлы былай деп жазған екен:

“Бешикташ” Зайнутдиновты 2-2,5 млн еуроға сатуға дайын. “Ақ-қаралар” бұл футболшыны өз командасында қалдырғысы жоқ. Мүмкіндік болса, сатып құтылмақшы. Онымен қоса, қазақстандық келесі маусымда Түркия чемпионатында легионер болып саналады”, - деп жазады БАҚ басылымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 28
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×