Зайнутдиновтың 98 минуттық еңбегін соңғы сәттегі қателік еш қылды

22.09.2025, 07:00

Мәскеудің "Динамо" клубының бас бапкері Валерий Карпин "Оренбургпен" өткен кездесуді қорытындылап, Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновтың ойынына баға берді.

Зайнутдиновтың 98 минуттық еңбегін соңғы сәттегі қателік еш қылды

Бапкердің айтуынша, команда сенімді ойнап, 3:0 есебімен жеңгенде нәтиже мінсіз болар еді. Алайда матчтың соңғы минутында кеткен қателік көңілге қаяу түсірген.

"Зайнутдинов 98 минут бойы тамаша ойнады, бірақ соңғы сәтте техникалық қателік кетті. Бұл дұрыс емес шешім, артқа пас берудің қажеті жоқ еді. Мүмкін, шаршағандық немесе алаң жағдайының әсері болған шығар, нақты айта алмаймын." – деді Карпин.

Бапкер матч соңында өз қақпаларына гол соғылып кеткенін ойыншылардың соңғы минуттардағы концентрациясының төмендеуімен және қателікпен байланыстырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×