Ыстамбұлдық “Бешикташ” “Сакарьяспорды” 2:1 есебімен ұтты.
Джованни ван Бронкхорст аталған кездесуге жасы 20-ға енді жетіп жатқан Серкан Терци, Демир Тыкназ және Мұстафа Ерханды шығарды. Шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен Демир Тыкназ матч барысында өз қақпасына гол соқты. Ал Мұстафа керісінше, қарсылас қақпашысын қапы қалдырды.
“Бешиктар” 2:1 “Сакарьяспор”
Голдар: Тыкназ 32 (автогол), Мулека 44, Мұстафа 79
Отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов жолдастық кездесулерге шақыртылған жоқ.
Осының алдында “Бешикташ” “Генченбирлиги” командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Сол ойында Чиро Иммобиле “қырандар” сапындағы екінші ойынына шықты.
Біздің серіктес: FONBET