
“Бешикташ” клубы алдағы трансферлік терезеде Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен қоштасуды жоспарлап отыр.
Стамбұлдық клубтың бас бапкері Оле Гуннар Сульшер көңілінен шықпаған 10 ойыншыдан тұратын “қара тізім” жарияланан. Fotomac мәліметінше, клуб басшылығы осы футболшылармен кездесіп, қоштасу туралы шешім қабылдауды жоспарлап отыр.
Бұл тізімде Зайнутдинов та бар. Одан бөлек, тізімге қақпашы Эрсин Дестаноглу, қорғаушылар Онур Булут пен Йонас Свенссон, жартылай қорғаушылар Алекс Окслейд-Чемберлен, Амир Хаджиахметович пен Салих Учан, сондай-ақ шабуылшылар Семих Киличсой, Мустафа Хекимоглу және Чиро Иммобиле де кірген.
Биылғы маусымда Зайнутдинов барлығы 12 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET