Зеедорф Бразилиялыққа неге қарсы болды? Роналдиньо “АС Миланға” ауысқан кездегі қызықты оқиға

21.08.2025, 17:00

Аты аңызға айналған Роналдиньо "АС Милан" сапына қосылған сәтте, барлығы оны дәстүр бойынша 10-нөмірмен алаңға шығады деп ойлаған еді. Алайда сол сәтте бұл нөмірді команданың басты ойыншыларының бірі Кларенс Зеедорф иеленіп жүрген болатын.

Зеедорф Бразилиялыққа неге қарсы болды? Роналдиньо “АС Миланға” ауысқан кездегі қызықты оқиға

Көпшілік Зеедорф нөмірін Роналдиньоға береді деп сенгенімен, ол үзілді-кесілді бас тартып, былай деген:

"Жоқ, мен нөмірімді бермеймін. Неге беруім керек? Мен Руй Коста нөмірін маған беруін ұзақ жылдар бойы күттім ғой!"

Осылайша Роналдиньо "Миланға" келгенде 10-нөмірді емес, басқа нөмірмен алаңға шықты. Ал Зеедорф көптен күткен нөмірін өзінде сақтап қалған ерекше оқиға осылай тарихта қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×