Зеедорф: Лукакудың «Челсиге» ауысу туралы шешімі қате болды

01.01.2023, 15:55
Зеедорф: Лукакудың «Челсиге» ауысу туралы шешімі қате болды


Нидерландының бұрынғы футболшысы Кларенс Зеедорф "Интер" шабуылшысы Ромелу Лукаку жайлы пікір білдірді.


"Лукакудың басты қателігі - "Челсиге" ауысуы. "Интерде" барлығы жақсы болса, ол неге кетті. Әрине, бар мәселе қу ақшада. Осы ақша деген талай мықты ойыншыларды жолдан тайдырды. Мен ойнаған футболдың сиқыры қазіргі кезге қайта оралса екен".


Лукаку Transfermarket порталының мәліметінше, бағасы төмендеп кеткен футболшылар қатарына енді. Ол өз құнын 45 млн еуроға түсіріп алды. 


Зеедорф Чемпиондар Лигасының үш дүркін жеңімпазы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×