"Зенит" чемпиондыққа жақындай түсті

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
13.04.2024, 22:39

РПЛ 24-турында питерлік "Зенит" сырт алаңда Краснодарды" ұтып (1:2) чемпиондыққа бір табан жақындай түсті.

"Зенит" чемпиондыққа жақындай түсті

Қос команда үшін маңызды матчта Қазақстан Ұлттық құрама командасының қорғаушысы Нұралы Әліп қатысты. Қазақстандық футболшы ойынға негізгі құрам қатарында шығып, бірінші таймнан кейін орнын командаласына босатқан. Бірінші таймда Оласа (16) көзге түсіп, алаң иелерін алға шығарды. Үзілістен кейін Кассьера (48) мен Артур (63) нәтижелі соққы жасап, қонақтарға маңызды үш ұпайды сыйлады. Санкт-Петерборлық клуб осы жеңісінің арқасында тікелей бәсекелесі "Краснодардан" 4 ұпайға ұзады. 24-турдан кейін "Зенит" 47 ұпаймен жеке дара көш бастады. Былтыр РПЛ-де топ жарған Нұралы Әліптің командасы биыл сол атағын қорғайтын секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×