“Зенит” қатарына тағы бір славян ұлтының футболшысын қосуды жоспарлап отыр

“Боавишта” ФК 24 жастағы шабуылшысы Роберт Боженик петерборлық “Зенит” командасына ауысуы әбден мүмкін.

“Зенит” қатарына тағы бір славян ұлтының футболшысын қосуды жоспарлап отыр

Tutto Hellas Verona порталының мәліметінше, словак Ресейге қоныс аударуға қарсы емес екенін жеткізді. Осыған орай, өз елінің 11 дүркін чемпионы “Зенит” шабуылшыға ұсыныс жасап көрмекші.

Роберт “Боавиштадан” бөлек, өз мансабында “Жилина”, “Фейеноорд”және “Фортуна” жейдесінде доп тепті.

Боженик Словакия құрамасында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол жалпы алғанда 44 матч өткізіп, 7 гол соқты.

Еске салсақ, бұған дейін “Зенит” Словения құрамасының қорғанысындағы көшбасшысы Ваня Дркушичпен келісімге келген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол Зенит
Aladop Youtube
×